Бүгін мен сіздермен мемлекеттік қызметке тест тапсырудағы жеке тәжірибеммен бөліскім келеді. Онда мен А-дан Я-ға дейінгі оқиғаның барлығын толық айтып беремін.

Мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі заңнаманы білуге соңғы тесттерді мен 2019 жылдың ақпан айында тапсырдым, оңай болды деп айта алмаймын, себебі ресми дерек көздерінен алынған статистикаға сүйенсек, онда 50% адамдар құлайды. 

Және шын мәнінде, менің көзімше тестілеудің бірінші кезеңінен кейін, екі залдан екінгі тұлғалық бағалау тестіне барлығын тек бір залға жинады, яғни жартысы заңдар бойынша тесттерде екшелді.

Сонымен реті бойынша… 

Біздің әрқайсысымызда мемлекеттік қызметке тесттер тапсыруға өзіндік себебіміз бар: біреуі бірінші рет мемлекеттік қызметке түседі, біреуде атттестаттау, біреу болса өзін тексеріп, басқалармен тәжірибесін бөлісемін деп шешті.

Мен тестілеуді Астана қаласында, Қ.Аманжолов к-сі, 26, Е блогы, 3-қабат (1 зал) мекенжайы бойынша тапсырдым. 

Көмексөз: сол жағалау, Миллениум парк кешені.

Тұрып тұрмау үшін ертерек немесе тура уақытында келген жөн, себебі бірден кіргізбейді, ал креслолар аз. Суық ауа райында есіктен алшақ отырған жөн, себебі келушілер көп және өтпе жел туындайды. Менбір сағат бұрын келдім және ыңғайлы креслода отырып бірнеше заңды оқып үлгердім. Айтпақшы бекер емес. 

ТІРКЕУ

Бүгінгі таңда бізде тестілеуге тіркелудің екі тәсілі бар: 

1) үйде отырып egov.кz сайтында ЭЦҚ көмегімен (электронды-цифрлық қолтаңба) 

2) немесе жеке куәлікті алып жақын жердегі ХҚКО барып, кеңесшінің көмегімен тіркелу.

МАҢЫЗДЫ

Екі жағдайда да қолхат аласыз, оны  МІНДЕТТІ ТҮРДЕ өзіңізбен бірге тестілеуге алып барасыз.

Мен ЭЦҚ көмегімен тіркелуге шешім қабылдым, дегенмен мен бұл туралы бірнеше рет қатты өкіндім, ал қалай көңілім түсті десеңізші, себебі тестілеудің алдында бір жігіт…. төменде жазамын…

Сонымен…

Алдымен egov.кz сайтына кіреміз, одан кейін жеке кабинетке кіріп авторландыру үшін ЭЦҚ құпиясөзін енгіземіз.  

«Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімін басамыз, одан кейін сол жақтағы «Мемлекеттік қызмет» бөлімін және сол жерден «Мемлекеттік қызметкерлерді, үміткерлерді тестілеу» қызметін таңдаймыз  

және вуаля, қала, ыңғайлы күн, уақыты және тағы сол сияқты бағандарды толтыра бастаймыз… 

Мен уақытты 15.02.2019 жыл, сағат 14.30 деп таңдадым, тіркелу деген батырманы бастып және автоматты түрде тестілеу басталғанға дейін 5 күн бұрын басып шығару қажет ҚОЛХАТ алдым. 

Егер жүйеде ақаулар пайда болмағанда,  бәрі оңай көрінеді. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТОСЫНСЫЙ! 

Менің күнім мен уақытым көрсетілген қолхат, менің атыма емес, тіпті басқа адамның атына, оның үстіне қыз баланың атына жазылған! 

Мен бұл процесті 8-10 рет қайталадым, бірақ қолхат Айна деген әдемі есімі бар қыздың атына келе берді.

Бірден 1414 нөмірі бойынша кол-орталыққа қоңырау шала бастадым, себебі мен алдын ала бес күн бұрын тіркеліп жатқаныммен, залдағы бос орындар саны ыстық бәліш секілді тарап кетіп жатты! 30-40 минут ішінде қажетті операторға қоңырауым жетті, себебі басқа операторлармен байланысқан кезде қойылып кетіп тұрды. 4 немесе 5-ретте оператордан ешкіммен байланыстырмай, жай ғана біреуден осы сұрақ бойынша сұрауын өтіндім.  

Мәселені тыңдады, бірақ шешпежі, өтінішімді қабылдады және жауапты электронды поштада күтіңіз деді, бірақ бүгінгі күнге дейін жауап та, сәлем де жоқ. Өкінішті!  

Сонымен қатар 1424 нөміріне қоңырау шалыңыз, бәлкім мәселе неде екенін олар білетін шығар деді (Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің колл-орталығы), бірден қоңырауым жетті және олар маған жарты сағат күте тұру және парақшаны жаңартып тұру қажет екендігін мәлімдеді.  

Ақырында бір сағаттан кейін өз атыма ҚОЛХАТ алдым, яғни тіркеліп үлгердім!

Залдағы бос орындар саны 16 болған еді, ал мен тіркеу кезіндегі қателіктермен уақыт жоғалтқан кездегі бір- бір жарым сағат ішінде- небәрі 5 орын қалды!

Айтпақшы, менің көзімше тестілеу залында бір жігітті шығарып тастады, себебі оның қолхаты өзінікі, бірақ тегі мен аты қыздыкы болып шықты, шамасы қуанғанынан қолхатты алып, басып шығарып, оған қарамастан тестке келген.

Ол наразылық таныта бастады, және оны залдағы бірнеше адам қолдады, себебі олар да қолхат алу кезінде осы проблемаға тап болған.

Проблема бар, ол туралы мәлімдеп жатыр, бірақ оны ешкім шешіп жатқан жоқ.

Мұқият болыңыздар!

ТЕCТІЛЕУ 

Гардеробта шкафтың кілті ілінген нөмір береді, сөмке, ұялы телефондар және планшеттеріңізді сол шкафта қалдыру қажет. Одан кейін 3-қабатта металл детектор арқылы Сізді тексереді және егер қажет емес артық заттар  тапса, онда астыңғы қабаттағы жәшіктерге қайта жібереді.

Бір қыз бала планшетті өткізгісі келді))) Оны төменге жіберді.

Залдың барлық жерінде камералар бар, сондықтан адамдарға көшіру немесе басқа да түкке тұрғысыз заттарға алаңдаудың мәні жоқ деп ойлаймын. 

Әркімді жеке компьютерге отырғызады және тестілеу процесін қысқаша түсіндіреді.

Уақыт көп, менде артығымен тағы 50 минут қалды. 

МАҢЫЗДЫ

Жауаптан күмандансаңыз- сұрақты өтіп кетіңіз, содан кейін оған қайта ораласыз, мен солайша 10 сұрақты кейінге қалдырдым. 

ЖСН-іңізді енгізіңіз және уақыт кетті.

НӘТИЖЕСІ:

Мен тесттерді №1 бағдарлама бойынша тапсырдым – бұл 10 заң немесе 145 сұрақ, олардың ішінде өту балы- 102 дұрыс жауап (70%).

145 сұрақтан мен 133 балл жинадым (92%), тағы да көп уақыт қалды, дегенмен шынымды айтсам мен көбірек жинайтыныма сендім.  

Айтпақшы, Этикалық кодекс бойынша 10 баллдан 9 балл жинадым және тіпті қай сұрақтан қателескенімді түсінемін.

Назар аударыңыздар, маған мынандай сұрақ түсті: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық кодексінің басқаша атауы?»

1) Қызметтік этика ережелері 

2) Басқа атауы жоқ

3) Шенеунік кодексі

4) Этика кодексі

Мен 2 және 4 жауаптың арасынан таңдадым, үйде заңды қарап көргенімде, 1 нұсқа дұрыс болып шықты!) 

МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР:

1. Тегіңізді тексеріңіз және содан кейін барып ҚОЛХАТТЫ басып шығарыңыз.

2. Егер күрделі сұрақ түссе немесе жауаптан күмандансаңыз- одан өтіп кетіңіз және кейін қайта ораласыз және еске түсіріп қалуыңыз мүмкін. 

3. Тестті залдағы барлық мәселелер реттеліп, барлығын орындарына отырғызып болғаннан кейін бастаңыз, себебі залдың ішінде үміткерлерге барып немесе сұрақтар қоя бастайды- ал бұл көңілді алаңдатады немесе зейін қоюға кедергі келтіреді. 

4. Әр түрлі курстарға ақша төлемеңіз, көбірек оқыңыз (адамдардың көру есі мықты дамыған), бұл әдістеме туралы менің кітабымда толығырақ жазамын. 

Және біле білсеңіз, мемлекеттік қызметке тестті сәтті тапсыру үшін бұл жеткілікті! 

15 жыл ішінде бұл менің үшінші сынақ:

2019 жылы – 92% (145 сұрақтың 133 дұрыс жауап)

2010 жылы – 98% (108 из 110)

2004 жылы – 98% (88 из 90)

P.S. Егер сіз бұл мақалды ұнатсаңыз, сіз «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТЕСТТЕРІН ОҢАЙ ТАПСЫРУ» кітапты сатып ала аласыз, кітапта әр Заң 50%-ке азаяды, тестке дайындалу кезінде маңызды кеңестер мен ұсыныстар берілген, мен жаттау әдістері туралы айтатын боламын, сонымен қатар соларға қатысты ойларды сипаттаймын, соған назар аударыңыз. 

Кітап қазақ және орыс тілдерінде.

30 минут ішінде жібіреміз.

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТЕСТТЕРІН ОҢАЙ ТАПСЫРУ» кітапты сатып алуға болады:

– ватсап +77019084272

– инстаграм https://www.instagram.com/goskniga/

Құрметпен, Acқaр Есімсейітов 

Показать комментарииЗакрыть комментарии

Оставить комментарий